Жарияланды: 420

Сенат төрағасы Қайрат Мәми ЕКПА төрағасы Мевлют Чавушоглумен кездесті

Бүгін Парламент Сенатында жоғарғы палата төрағасы Қайрат Мәми мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері 38-кеңесінің жұмысына қатысу үшін Астанаға келген Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоглудің кездесуі болды.

Қ.Мәми өзара парламентаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған кезден бастап өзара іс-қимыл толық түсіністік пен сенім негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. «Біз ЕКПА-ны маңызды саяси әріптес қарастырамыз және бұдан былай сындарлы ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз», деді төраға. Қ.Мәми сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы саяси үнқатысуды одан әрі нығайтуда парламентаралық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. М.Чавушоглу Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуімен құттықтады және «Президент Н.Назарбаевтың еуропалық және азиялық ықпалдастық туралы бастамалары ИЫҰ аясында табысты ілгерілейтін болады», деп сенім білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін