Сенат жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін енгізуді қарастыратын заң жобасын пысықтауға кері қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін енгізуді қарастыратын заң жобасын пысықтауға кері қайтарды

Сенат жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін енгізуді қарастыратын заң жобасын пысықтауға кері қайтарды

Сенат бүгін пленарлы отырысында «Жол қозғалысы туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарастырып, түзетулермен мәжіліске кері қайтарды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлад

  • 27 Ақпан 2014
  • 548
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында аталған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Сенат депутаттары жобадан «агрессивті жүргізу әдісі» деген түсінікті алып тастауды ұсынды, өйткені мұндай норма «Әкімшілік заң бұзушылық туралы» кодекстегі көлік құралы қозғалыстары (маневр), басып озу немесе кедергі келтіру ережелерін бұзуға қатысты жауапкершілік белгіленген баптарымен бәсекелеседі.

Ұсынылған түзетулерге сәйкес көлік құралына салынатын салық бойынша салық заңын орындамаған жағдайда көлік құралын пайдалануға тыйым салу нормасын жою ұсынылған.

«Салық міндеттемелерін орындамау жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер етпейтінін ескере отырып, бұл жағдайды алып тастау және көлік құралына қатысты салық міндеттемелерін орындауды талап етуді көлік құралын мемлекеттік тіркеу немесе тіркеу мәліметтерін өзгерту кезінде реттеу ұсынылды», делінген сенаттың сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің тұжырымдамасында.

Бұрын хабарланғандай, заң жобасында жол қозғалысы ережелерінің әзірге заңға бағыныңқы актілерімен реттелетін жол қозғалысына қатысушының құқығы мен міндеті айқындалады.

«Заң жобасының мақсаты жол қозғалысына байланысты барлық мәселелерді құқықтық реттеу үшін іргелі заңдық негіз құру болып табылады», — деп бұдан бұрын ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов мәлімдеген болатын.


Құжатта жол қозғалысына қатысушылардың негізгі құқығы мен бостандықтары белгіленген.

Заң жобасында үкіметтің, орталық және жергілікті атқару органдарының осы саладағы құзыры айқындалған. Құзырлы органдардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігін бекітумен қатар алғаш рет олардың қызметкерлерінің міндеттері мен негізгі құқықтары айқындалған.

Осы құжатпен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа құралдары – жол қозғалысы саласындағы аудит, тәуекелдікті басқару жүйесі енгізіледі.

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін енгізу қарастырылған.

БҰҰ-ның жол қозғалысы туралы конвенция талаптарына сәйкес, алты санат пен жеті қосалқы санаттан тұратын жаңа үлгіжегі жүргізуші куәлігін енгізу қарастырылған. Жаңа жүргізуші куәлігі алғаш рет жүргізуші куәлігін алатындар мен оны ауыстырғысы келетіндерге беріледі. Қазіргі жүргізуші куәлігі мерзімі біткенге дейін пайдаланылады.

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының жол қозғалысы мәселесі жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, түзетулермен бірге мәжіліске қайтарды. Түзетулер редакциялық және нақтылау сипатында.