Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл түзету үкіметке жеке мүлікті мемлекеттік меншікке ақысыз беру мәселелері бойынша біртұтас тәртіп белгілеу құқығын беруге бағытталған. Қазір үкімет меншікті өткеруге қатысты әрбір жағдайға қатысты жеке актлер қабылдануда.
Заңды қабылдау жеке меншік мүлікті мемлекетке қабылдау мәселесі бойынша үкіметтің құзыретін анықтау, мүлікті ақысыз өткеріп беру тәртібін белгілеу, үкімет пен басқа да орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының осы саладағы құзыреті аясын шектеу арқылы саладағы қарым-қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.