Сенатор кітапханашылардың жалақысын көтеруді ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатор кітапханашылардың жалақысын көтеруді ұсынуда

Сенатор кітапханашылардың жалақысын көтеруді ұсынуда

 ҚР Парламент Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Анатолий Башмаков кітапханашылардың мәртебесін жоғарылатуды ұсынуда.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Бес жыл бұрын Үкімет Парламентке «Кітанханалар туралы» заң жобасын енгізуі шарт болатын. Алайда әлі күнге дейін ол түскен жоқ. Оның қажет екені даусыз. Меніңше, кітапханалар мен кітапханашылардың мемлекеттік қызметкерлер ретіндегі мәртебесін жоғарылату қажеттілігі баяғыда-ақ пісіп-жетілген», — деді А.Башмаков Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Тіл. Тұлға. Мәдениет» конференциясында «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш заң кітапханашылардың жалақыларын көтеру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, әдебиет қорын толықтыруға қажетті қосымша қаржы бөлу, кітапханаларды қайта жаңғырту мен жөндеу, сонымен қатар заманауи коммуникациялық құрал-жабдықтармен қамту мәселелерін шешетін еді.

«Әрине, кітапханашыларды мәртебесін көтеру қажет, себебі олар Дон Кихоттар секілді. Олар әрқашан аза жалақы алып келді, төмен жағдайларда іс жасап жүрді, бірақ өздерінің идеологиялық қызметтерін тоқтатқан жоқ», — деп түйді сөзін депутат.