Сенаторлар А.Бижанов пен В.Бобров ЕКПА-ның жыл сайынғы сессиясына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаторлар А.Бижанов пен В.Бобров ЕКПА-ның жыл сайынғы сессиясына қатысуда

Сенаторлар А.Бижанов пен В.Бобров ЕКПА-ның жыл сайынғы сессиясына қатысуда

22-26 маусымда Парламент Сенатының депутаттары Ақан Бижанов пен Владимир Бобров Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 2015 жылғы

  • 23 Маусым 2015
  • 537
Фото - Caravan.kz


жыл сайынғы сессиясының үшінші бөлігіне қатысуда, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Парламенті мен ЕКПА арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында қазақстандық депутаттар Парламенттік Ассамблеяның жұмысына қатысып келеді.

Еуропа Кеңесі парламентшілерінің алдында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропа Кеңесінің шетел істері мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы уәкілі, Еуропалық комиссияның вице-президенті Ф.Могерини, Мальта Президенті М.-Л.Колейро Прека, Еуропа Одағының Бас хатшысы Т.Ягланд сөз сөйлейді. Сессия аясында интернеттегі кибер-терроршылдықпен күресте ынтымақтастықты нығайту, неорасизмнің дамуына жол бермеу, ақпараттандырушыларды қорғауды жақсарту, бұқаралық ақпарат құралдары жұмысындағы айқындық, жаңа еуропалық әлеуметтік үлгіні іздестіру мәселелерін талқылайды.