Сенатта жаңа депутаттық топ құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатта жаңа депутаттық топ құрылды

Сенатта жаңа депутаттық топ құрылды

Астана. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатында "Аймақ" деп аталатын жаңа депутаттық топ құрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қараша 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

Кеше топтың алғашқы отырысында сөз сөйлеген оның жетекшісі, сенатор Анатолий Башмаков: «конституциялық қайта құруларға және заңнамаға бірқатар өзгертулер енгізуге байланысты сенаттың мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы органының жергілікті билік өкілдігімен өзара ықпалдасу саласында өкілеттілігі өсіп отыр», — деп атап көрсетті.

«Олардың арасындағы тікелей және кері байланысты орнату бірінші кезекте әдістемелік көмек және қолдауда көрінеді. Бұл жұмыстардағы айқын басымдылық, әрине, мемлекеттік саясатты, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтарды дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару салаларындағы бастамаларын, осы салалардағы ұлттық заңнаманы және заңды қолдану тәжірибесін жетілдіруді түсіндіруге және насихаттау мәселелеріне беріледі», — деп атап көрсетті А. Башмаков.

Өз кезегінде, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Жұмағұлов: «депутаттық топтың құрылуы биліктің жоғарғы заңнамалық және жергілікті атқару салаларының бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатудағы және конструктивті диалогын құрудағы маңызды оқиға болып табылады», — деді.

Оның айтуынша, «насихаттау жұмыстарының аясында Қазақстанның көшбасшы партиясының саясатын түсіндіруге, оның идеологиялық бағдарларын және елдегі саяси және экономикалық қайта құруларды тиісті ақпараттық демеуге ерекше мән беріледі».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті