Қазір бұл арада өлі тыныштық. Тек жауынгерлердің қабірлері ғана елес беріп жатыр демесең. Сонау 40-шы жылдары қан төгілген алаңға ендігі тек қаһармандардың ұрпақтары ғана гүл шоқтарын қоюға келеді. Құпия болып, бірақ кейін ашылған тарихи құжатқа сенсек, мұнда қазақтың батыр қызы, біз жоғалтақан Әлия Молдағұлованың да сүйегі жатыр.
Осыған сеніп жүре берер ме едік, егер былтыр қабірдің бос екеніне көз жеткізбегенде. Яғни, бүгінге дейін Әлия туралы жалғыз дерек саналатын мына ескі таспаны жоққа шығарар тізім өлкетанушылар қолына түспегенде. Сөйтсек, батырдың сүйегі Ресейдің Псков облысындағы ну ормандағы бауырластар зиратында жатыр екен. Тарихи сәтке тілшіміз Олжас Байжан куә болды. Қазір сенсациялық жаңалық «Орталық редакция» жобасында фильм болып әзірленуде.
Андрей Сухоногин, режиссер:
— Бұл — «Орталық редакция» деп аталатын деректи фильмдер циклы. Режиссер ретінде жұмыс істеу өте қызықты болды. Шынын айтса, батыр Әлияның сүйегі табылғанына мен де қуаныштымын. Бағдарламаның мазмұны ғана емес, сондай техникалық құрылымы да күрделі болмақ.
«Орталық редакция» — бұл КТК телеаранысының «Әлия» фильмімен тұсауын кескелі отырған жаңа ақпараттық-деректі жобасы. Телевизия жанырындағы түрлі журналисттік зерттеулерге негізделген. Әрине, эсклюзивті, сенсациялық жаңалықтар да молынан қамтылады.
Дәурен Меркеев, «КТК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры:
— КТК ақпараттық ауқымын мейлінше кеңейтуде. Бүгінде бізде жаңалыққа негізделген бірнеше бағдарламамыз бар. Ал «Орталық редакция» соның бірегейі болмақ. Жаңалықта айтылып, бірақ толыққанды зерттеуді қажет еткен тақырыптар қамтылады. Бағасын енді көрермендер бере жатар.
Бауырластар зиратындағы 173 мәйіттің ішінен табылған сүйек шынымен де Әлиянікі ме? Осы уақытқа дейін батырдың қабірінде жатқан кім? Неге бүгінге дейін ақиқатын білмей келдік? Әйгілі снайпер қыздың жақындары нендей күй кешуде? Сонымен, алдағы сенбі, 15:00-де 70 жылдан бері құпия келген мәліметтер Олжас Байжанның арнайы репортажында мәлім болмақ.