Сенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығышы американың АМС-9 байланыс спутнигін алып ұшады
7-маусым , сенбі күні Астана уақытымен 5 сағат 15 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығышы американың АМС-9 байланыс спутнигін алып ұшады. Бұл туралы ғарыш айлағының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады. |
Бұдан бұрын хабарланғанындай, АМС-9 байланыс спутнигін ұшыру 2003-жылдың сәуір айына жоспарланған. Алайда "Бриз-М" жылдамдық блогындағы ақау салдарынан спутникті ұшыру кейінге қалдырылған болатын.
Бұл - 2003-жылғы коммерциялық мақсаттағы бірінші ұшырылым.
Сондай-ақ, 8-маусым , жексенбіде Астана уақыты бойынша сағат 17-де
"Прогресс-М-1" тасымалдаушы кораблі "Союз-У" зымыран тасығышымен бірге ұшырылады деп жоспарланған. Ол Халықаралық ғарыш станциясына екі тоннадан астам отын, су , азық-түлік өнімдері мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. Сонымен бірге ғарыштық жүк тасмылдаушы кеме Халықаралық ғарыш станциясын қазіргіден де биік орбитаға көтеріп шығарады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін