"Сенімді ақтамай отырсыз" - Тоқаевтың ауыл шаруашылығы министріне айтқаны - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сенімді ақтамай отырсыз" - Тоқаевтың ауыл шаруашылығы министріне айтқаны

"Сенімді ақтамай отырсыз" - Тоқаевтың ауыл шаруашылығы министріне айтқаны

[wpcode id="1694287"] ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Мырзахметовты ауыл шаруашылығын дамыту үшін белсенді ше

  • 15 Маусым 2017
  • 674
Фото - Caravan.kz


ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Мырзахметовты ауыл шаруашылығын дамыту үшін белсенді шешімдер қабылдауға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттағы отырыс кезінде аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Серік Біләлов ауыл шаруашылығы министрінен аграрлық секторға субсидия бөлудің қаншалықты нәтижелі екенін сұрады. "Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке сұрағым бар. Жыл өткен сайын бюджеттен ақша көбірек бөлінгенімен неге аграрлық секторда оңды өзгерістер көрмейміз?", — деп сұрады Серік Біләлов. Асқар Мырзахметов бұған жаңа бағдарлама аясында барлық субсидия қайта қаралғанын айтты. "Субсидияның 11 түрі алып тасталады, нәтижесіздері. Жылына орташа 25 миллиард теңге үнемделіп, оңды көрсеткіштері бар бағыттарға жұмсалады. Нәтижесінде сол бюджет қаражатына ауыл шаруашылғы өнімдері 20-30 пайызға артады", — деді министр. Тоқаев Мырзахметовтің жылына 60 мың тонна ет экспортқа шығарылатыны туралы берген уәдесін есіне салды. "Әр министр келіп, жаңа бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама емес, жақсы тілектер ғана сияқты. 2020 жылы тағы бір бағдарлама ашылатын сияқты. Оның жарнамасын күшейтеді, 60 мың тонна етті экспорттау жоспары сияқты. Сенатта оның мүмкін емес екені айтылды ғой. Бұл бағдарламаны сонша жарнамалап, Елбасының аузына салып қойдыңдар", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. "Сенімді ақтамай отырсыз, Асқар Исабекұлы (Мырзахметов). Ауыл шаруашылғының маманысыз, сізге сенім артып, өкілет берді — премьер-министр орынбасары. Шешім қабылдаңыз, алға жылжуымыз керек. Бағдарламаны кез келген адам құр жазып қоя алады. Қиын болып па? Нақты қадамдар керек", — деп аяқтады ол сөзін.
 

Соңғы жаңалықтар