Сербия Қазақстанмен арадағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сербия Қазақстанмен арадағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге мүдделі

Сербия Қазақстанмен арадағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге мүдделі

Астана. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сербия Қазақстанмен арадағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевқа сенім грамоталарын табыс ету салтанатынан кейін өткен брифингте Сербияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Станимир Вукичевич мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Қазақстан мен Сербияның арасында жақсы қатынас орнаған. Бірақ біз осы қатынастарды саясат және экономика салаларында одан әрі нығайтуды қалаймыз және де мұндай мүмкіндік бар деп санаймыз",- деп атап көрсетті Станимир Вукичевич.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Бірлесіп жүргізген бағалау көрсетіп отырғандай, экономика саласындағы қатынастар жақсарып келеді, бірақ әзірге екі елдің нақты мүмкіндіктеріне сай емес»,- деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 9 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 73 млн АҚШ долларын құраған. «Біздің пайымдауымызша, бұл екі елдің мүмкіндіктеріне сай емес, және де біз екіжақты экономикалық қатынастарды мұнан да жоғары деңгейге көтеруіміз керек»,- деп санайды елші.

«Ол құрылыс, фармацевтика, энергетика, өнеркәсіп салалары мен экономиканың басқа да салаларында мүмкін болмақ»,- деп нақтылап өтті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті