Сербиядағы алапат тасқын кезінде қаза тапқандар саны 50 адамнан асып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сербиядағы алапат тасқын кезінде қаза тапқандар саны 50 адамнан асып кетті

Сербиядағы алапат тасқын кезінде қаза тапқандар саны 50 адамнан асып кетті

Сербияда болған су тасқыны мен көшкін құрбандарының саны 51 адамға жетті.

  • 30 Мамыр 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Александр Вучич хабарлады.

Парламент депутаттары алдында шығып сөйлеген сөзінде ол табиғат апатынан қаза болғандардың аты-жөнін атап өтті және марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Мамыр айының орта шенінде Сербияда толассыз жауған жауын соңы тасқынға ұласты. Апаттан Босния мен Герцеговина халқы да зардап шекті. Соңғы деректер бойынша, ол жақта 24 адам көз жұмған.