Серік Ахметовке 2,4 млн доллар пара алды деген күдік келтіріліп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ахметовке 2,4 млн доллар пара алды деген күдік келтіріліп отыр

Серік Ахметовке 2,4 млн доллар пара алды деген күдік келтіріліп отыр

 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайластыққа қарсы мемлекеттік агенттіктің тергеу департаменті қорғаныс экс-министрі Серік Ахметовке қатысты алты эпизод бойынша іс тергеуде.

  • 12 Ақпан 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz


"Оған 2 миллион 400 мың доллар пара алды,1 миллиард 100 миллион теңге бюджет қаржысын ұрлады, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласып, қызмет бабын бұрмалап пайдаланды, соның салдарынан үш эпизод бойынша мемлекет 1 миллиард теңгеден аса сомаға шығынға батты, деген күдік келтіріліп отыр", деп хабарлады тергеу департаментінен.
Қылмыстық істің тергелгеніне төрт ай болды. С.Ахметовке Қарағанды облысының әкімі болған кезде басқа лауазымды тұлғалармен бірігіп 1 млрд теңге иемденді, деген күдік келтірілген. Тергеу болжамына қарағанда, бұл сома индустриалды парктің тазалаушы қондырғылары үшін көзделген қымбат чех жабдығы орнына арзан жабдық сатып алу есебінен құралған.
С.Ахметов 2014 жылы 18-қараша күні үй ішіндегі қамауға отырғызылған болатын.