Серік Ақылбай: «Жириновский су ішкен құдығыңа түкірме» - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Ақылбай: «Жириновский су ішкен құдығыңа түкірме»

Серік Ақылбай: «Жириновский су ішкен құдығыңа түкірме»

Жириновский су ішкен құдығыңа түкірме! Бүгін Мәжілістен соң Сенат ресейлік әріптестерінің «сазайын тарттыру керек» деп күшке мінді. Олар да Жириновскийді Қазақстанға мүлдем жолатпауды талап етіп отыр.

  • 28 Ақпан 2014
  • 540
Фото - Caravan.kz


Серік Ақылбай, Сенат депутаты:

-Елімізде туған Алматыда. Оқыған осы жерде. Нанын жеген суын ішкен. Қазақ айтады: «су ішкен құдығыңа түкірме» деп. Бұл саяси қателік емес, барып тұрған зұлымдық.

Жириновскийдің мәлімдемесінен кейін сенаторлар еліміздің ақпараттық кеңістігін қорғамақ. Себебі мемлекеттік Дума депутатының Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері "Ресейдің құрамына қосылуы керек" деген сандырағын федеральдық арналардың бірі тікелей эфирден көрсеткен болатын. Сенаторлар «тосқауыл қою керек» деп отырғанда қоғам белсенділері ел аумағына таралатын ресейлік арнаны тоқтатуды талап етіп жатыр. Ал Сыртқы істер министрлігі наразылық нотасын жолдағанымен мардымды жауап алмаған. Сенаторлар Жириновскийдің айтқаны, Кремльдің ұстанымы емес екенін Ресей билігі ресми мәлімдеуі тиіс дейді. Сонымен қатар сайқымазақ саясаткерден кешірім сұратқызбай тынбақ емес.