Серік Баймағамбетовтің түрмеде әлімжеттік көргені расталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Баймағамбетовтің түрмеде әлімжеттік көргені расталды

Серік Баймағамбетовтің түрмеде әлімжеттік көргені расталды

Кеден комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетовтің түрмеде әлімжеттік көргені расталды. Сондықтан ол жәбірленуші ретінде танылып,  колониядан Қарағандыдағы тергеу абақтысына ауыстырылған деп жазады КТК сайты.

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 529
Фото - Caravan.kz

Арызданушының денесінен соққы іздері табылмағанына қарамастан, экс -шенеунік өзінің күш қолдану және моралдық қысым құрбанына айналғанын айтудан танбаған. Прокуратура арнайы тексеріс жүргізгенде, колония қызметкерлері бұл уәжді теріске шығара алмапты. Осыны негізге ала отырып  қылмыстық іс қозғалып, жазасын өтеуші АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесінен тамыз айында Қарағандыдағы тергеу изоляторына ауыстырылған.

Ал Баймағамбетовке жасалған қысым туралы ақпарат енді жария етіліп отыр. Құзырлы орган өкілдері күдіктілердің  есімін жариялаған жоқ. Бірақ олардың арасында түрме басшылығынан лауазымды тұлғалардың бар екені де белгілі болды.

Естеріңізге салсақ, Кеден комитетінің экс-басшысы Серік Баймағамбетов 80 мың доллар пара алды деген айыппен 10 жыл абақтыға кесіліп, Қарағанды облысындағы колонияға өткен жылдың күзінде әкелінген болатын.