Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды


Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Жұманғаринді Премьер-Министрдің орынбасары және Сауда министрлігінің басшысы қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 2 Қыркүйек 2022
  • 57
Фото - Caravan.kz


Жұманғарин Серік Мақашұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын", — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы 22 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған. Ұзақ уақыт Индустрия министрлігінде, Экономикалық даму және сауда министрлігінде басшылық қызметтерінде болды.