Сьерра-Леоне, Мальта, Португалия, Хорватия, Кипр және Чад Республикасының елшілері Қазақстанда жұмысқа кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сьерра-Леоне, Мальта, Португалия, Хорватия, Кипр және Чад Республикасының елшілері Қазақстанда жұмысқа кірісті

Сьерра-Леоне, Мальта, Португалия, Хорватия, Кипр және Чад Республикасының елшілері Қазақстанда жұмысқа кірісті

Қазақстан мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Сьерра-Леоне, Мальта, Португалия, Хорватия, Кипр және Чад Республикасы елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 818
Фото - Caravan.kz

Екіжақты кездесулер барысында мемлекетаралық қатынастардың жағдайы мен оны дамыту келешегі талқыланды, деп хабарлады жұмада Қазақстан президентінің баспасөз қызметінен.

А.Жақсыбеков жаһандану жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени,басқа да салалардағы ынтымақтастық біздің мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделеріне сай, деп атап өтті. Осы орайда, дипломатия жетістіктері қол жеткізілген өз ара ықпалдастық деңгейімен анықталмақ.

"Тараптар бірқатар ауқымды мәселелер бойынша қарым-қатынастарды кеңейтуге мүделлілік танытты. Оның ішінде халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, өз ара инвестициялар және сауда, энергияның балама көздері, агроөнеркәсіптік кешен, білім, ғылым, туризм және басқа да келешегі бар салалар", делінген хабарламада.