Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, аталған төрт адам алдымен жолаушыларды ешқайда шықпауға көндірген. Содан соң экипаж киімін қарапайым киімге ауыстырып, батып бара жатқан кемені тастап қашқан. Сонымен қатар, жолаушыларға құтқару кемесінің келе жатқанын да жеткізбеген көрнеді.
Капитан, қос штурман мен бас инженердің айыбы дәлелденсе олар өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Алайда, Оңтүстік Кореяда 1997 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланғандықтан айыпталушылар мұндай үкімге кесілуі екіталай, дейді «Ренхап».
16-сәуірде Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында суға кеткен кемеде 476 болған. 275 адам қаза тауып, 29 жолаушы әлі күнге із-түссіз жоғалғандар санатында.

