"сгл" деген көлік номерімен жүрген жігіт тапанша атып Шымкентті шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"сгл" деген көлік номерімен жүрген жігіт тапанша атып Шымкентті шулатты

"сгл" деген көлік номерімен жүрген жігіт тапанша атып Шымкентті шулатты

Көлігіне 077 SGL деген номер тағып, көлік жарығы, дыбыстық сигналын қосып, ауаға тапанша атып Шымкент көшелерін шулатып жүрген жігіттер кімдер? Желі қолданушылары оларды дөкейдің балалары деп болжап отыр.

  • 7 Желтоқсан 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желілерге бақылау жүргізу барысында Шымкент қаласы ПД қызметкерлері мегаполис көшелерінің бірінде үш Toyota Camry 70 автокөлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, олардың бірі мылтықпен ауаға оқ атқан видеоны анықтады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Барлық құқық бұзушылар анықталып, олар жергілікті тұрғындар екені белгілі болған. Жүргізушілерге қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды: 203-бап “Сақтандыруды бұзу”, 602-бап “Көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану, авариялық дабылды қолдану қағидаларын бұзуы” және 603-бап “Көлік құралына арнайы жарық және дыбыстық сигналдарды беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу”.

Үш Toyota Camry 70 көлігі айыптұраққа қойылды. Жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді.

Полицейлер жүргізушілердің бірінен ПМ тапаншасын тәркіледі. Сондай-ақ ер адам бұрын дүкеннен тапанша сатып алғаны анықталды, бірақ ол полицияға тіркелмеген. Оған қатысты полицейлер қосымша бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 436-бабы, 437-бабы “Тыныштықты бұзу” және 482-бабы “Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі,өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы” бойынша іс жүргізді.

Polisia.kz жариялаған видео ТикТок желісіндегі Diaz Kenesbayev парақшасынан алынған. Парақшада жігіттердің жол полициясымен "ерегесіп" тұрғаны түскен видео да бар екен. 


Видео туралы Diaz Kenesbayev жол полициясының көлік ішін тінтімек болғанын, себебін сұрағанда көлік номері күдікті екенін айтқанын жазыпты. Ал, көлігінің номері 077 SGL екенін видеодан көруге болады. 

Желі қолданушылары көлік номері туралы талқылап және  "Тот самый байдың баласы", "Ментқа сгл деп тұр ғой", "Оның әкесі КНБ-да басшы" жазып жатыр.

Соңғы жаңалықтар