Шағын бизнеске 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша несие беріледі – Дәленов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын бизнеске 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша несие беріледі – Дәленов

Шағын бизнеске 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша несие беріледі – Дәленов

Шағын бизнесті 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша микрокредиттеу осы айдан бастап жүзеге асырылады.

  • 8 Маусым 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шағын бизнесті қолдау — маңызды мәселе. Несиелерен кепілге қолжетімділік мәселесін шешу — ШОБ-тің, әсіресе,  микробизнестің даму факторы. Сондықтан "Бизнестің жол картасы — 2025" мемлеттік бағдарламасына "микро және шағын бизнесті микрокредиттеу" жаңа бағыты қосылады, — деді министр.

Министр атағандай, жаңа бағыт 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы қаржыландыруды көздейді. 

Кредит көлемі айналымдағы құралдарды толықтыруға 5 млн теңгеге дейін, өндірістік қажеттілікке 20 млн теңгеге дейін беріледі. Бұл микробизнес өкілдерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ бизнес субъектілерінің кепілінің жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе де шешімін тапты — Даму қоры негізгі ұзақ займның 85%-ына дейін кепілдендіреді. Жаңа бағыт "Бизнестің жол картасы — 2025" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізуді, сондай-ақ рәсімдер мен ЕДБ-ні тартуды талап етеді. Сондықтан жаңа бағытты осы ай ішінде іске қосу жоспарланып отыр, — деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар