Жарияланды: 1600

Шағын және орта бизнеске салық салуды реформалау үшін жаппай декларация тапсыру жүйесін енгізу қажет - Қазақстанның салық төлеушілерінің қауымдастығы

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шағын және орта бизнеске салық салуды реформалау үшін жаппай декларация тапсыру жүйесін енгізу қажет. Бұл туралы Қазақстанның салық төлеушілерінің қауымдастығының басқарушы кеңесінің төрайымы Жаннат Ертілесова бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі

"Жалпы алғанда Шағын және орта бизнес пен азаматтарға салынатын салық бұрынғы қалпында қалды, тек қымбат баспанаға салынатын салық көлемі ұлғайды", - деді Ж. Ертілесова. "Ал Шағын және орта бизнеске салық салу жүйесі бұрынғы қалпында қалып отыр. Оны реформалау үшін жаппай декларация тапсыру жүйесін толық жасап шығу керек. Салық әкімшілігі мен ақпараттық жүйелер дайын болмауға байланысты біз оны енгізе алған жоқпыз", - деді ол. "Дегенмен, осы сектор, соның ішінде базарлар мен ұйымдаспаған сауда саласы декларация тапсыру аясына мейлінше көбірек қамтылғанын қалар едік ", - деді Ж.Ертілесова. Дейтұрғанмен, Ж. Ертілесованың айтуынша, шикізаттан басқа саладағы шағын және орта бизнеске салынатын салықтардың аурытпалығы азая түсуде. "Мен қазіргі кодекс бойынша Ресеймен салыстырған таблицаны келтіре аламын. Тіпті корпоративтік кіріс салығы ставкалары бойынша алып көрсек: Ресейде бүгінде ставка 24% болса, біздің елімізде ол 20% болмақ, әріқарай ол 15%-ға дейін төмендейді", -деді ол. Сонымен бірге, шағын және орта бизнес үшін жыл бойы аванстық төлемдер болмайды, деді қауымдастық төрайымы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть