Жарияланды: 440

Шағын және орта бизнестің 753 жобасы үкімет пен әкімдік бөлген қаражат есебінен қаржыландырудан үміттеніп отыр - Дунаев

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шағын және орта бизнестің 753 жобасы үкімет пен әкімдік бөлген қаражат есебінен қаржыландырылуға үміткерлік білдіріп отыр. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық отырыс барысында "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарма төрағасы Арман Дунаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Даму" қоры мен өңірлер тарапынан шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қатысты айтар болсақ, 18 тамызда Павлодар және Ақтөбе облыстары облыстар арасындағы көшбасшы болып отыр. Олар премьердің тапсырмасын орындап, осы мақсаттарға 2 млрд теңге бөлді. Бұл ретте Павлодар облысы әкімдігінің жанындағы комиссия 34 жобаны қарастырып, оның 27-сін мақұлдап, екінші деңгейдегі банктерге жолдаған", - деді А. Дунаев. "Қалған өңірлерде жобаларды белсенді қарастыру жүріп жатыр. Жалпы алғанда 753 жоба қарастырылып жатыр. Оның ішінде, Ақтөбе облысында 242 жоба, Солтүстік Қазақстан облысында - 115, Алматы облысында - 114, Қарағанды облысында - 66, Ақмола облысында - 61, Қызылорда облысында - 54, Маңғыстау облысында - 42, Жамбыл облысында - 16, Шығыс Қазақстан облысында - 4 жоба бар", - деп атап көрсетті ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть