«Шахтер» тұңғыш рет чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шахтер» тұңғыш рет чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

«Шахтер» тұңғыш рет чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

Қазақ футбол тарихының парақтары бүгін алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Тұңғыш рет отандық клубымыз “Шахтер” чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Кеншілер мәртебелі турнирдың үшінші айналымында албанияның “Скендербеу” командасын екі ойын нәтижесі бойынша 5:3 есебімен ұтты. Ұлттық құрама ойындарына қарап бармақ тістеген жанкүйерлер биылғы маусымда еврокубок матчтарынан бір желпініп қалғаны анық.

  • 8 Тамыз 2013
  • 378
Фото - Caravan.kz

Түн жарым болса да Қарағыда жанкүйерлер көз ілген жан жоқ. Сүйікті командалары үшін қолдау білдіргендер “Шахтер” ойынын стадионының қақ ортасында орналасқан үлкен экраннан тамашалады. Мың жарымға жуық адам дәл осылай қолдау білдірмегелі қашан.

Өз жерімізде алғашқы кездесуде ірі жеңіске қол жеткізген кеншілер командасы Албаниядағы ойынның алғашқы матчында босаңсып, жанкүйерлерінің зәресін әбден алғаны сөзсіз. Өйткені “Скендербеу” жарты сағат ішінде “Шахтер” қақпасына жауапсыз үш гол тоғытты. Не бары 9-шы минутта Желько Томич есеп ашқан. Көп ұзамай қақпашы Александр Мокин екі бірдей пенальтиге тосқауыл бола алмады. Қос голдың да авторы Бледи Шкемби. Десе де Виктор Кумыков шәкірттері үзіліске дейін Сергей Хижниченконың голымен жауап қайтара алды. Ал екінші таймда Мақсат Байжанов қортынды есепті орнатты.

Қос ойын нәтижесі бойынша “Шахтер” 5:3 есебімен келесі кезеңге өтті. Енді плей-офф сынында сәтті ойнасақ чемпиондар лигасының топтық кезеңі де жақын. Ал сүрініп жатсақ, Еуропа лигасының топтық кезеңінде доп тебетін боламыз. Бұл УЕФА ға мүше болғалы 11 жыл күткен тарихи жеңіс.