Шахтер-регрессниктер мемлекет тарапынан төленетін әлеуметтік төлемдердің тек 70 жасқа дейін ғана екендігіне көңілі толмайтынын білдірді
Алматы. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шахтер-регрессниктер мемлекет тарапынан төленетін әлеуметтік төлемдердің тек 70 жасқа дейін ғана екендігіне көңілі толмайтынын білдірді. Бұл туралы бұрынғы шахтерлер бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Біздің еліміз 1997 жылы "Банкроттық туралы" заңды қабылдаған. Онда 77-ші бап деген бар. Сол бапта жарақаттанғаны және еңбек қабілетінен айрылғандығы үшін төленетін қандай да өтемақылық төлемдер 70 жасқа толған соң берілмейді деп көрсетілген", - деп мәлімдеді зейнеткер Дулат Аққошқаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін