Шахтинскіде оқу орталығының директоры сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинскіде оқу орталығының директоры сотталды

Шахтинскіде оқу орталығының директоры сотталды

Қарағанды облысында оқу-әдістемелік орталығының директоры алаяқтығы үшін сотталды.

  • 26 Қараша 2015
  • 320
Фото - Caravan.kz

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, азаматша Ш. Шахтинск қаласында «Алға» оқу-әдістемелік орталығының директоры бола отырып, бюджеттік қаражат есебінен сатып алынған планшетті иеленген. Гаджет байқау жеңімпазына берілуі тиіс болатын. Одан әрі ол бюджеттік қаражатты  ЖК есебіне аудару үшін телевизор мен бейнекамераны алмаған бола тұра, алуға шығыс жүкқұжатқа қол қойған. Салдарынан мемлекетке 382, 488 теңге материалдық зиян келтірілді.

Сондай-ақ, орталық директоры «Алға» оқу әдістемелік орталығы» ҚММ бухгалтерінен Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге орай берілген 21 858 теңге сыйлықақыны қайтаруды заңсыз талап еткен. Салдарынан соңғысына материалдық шығын келтірілді. Шахтинск қалалық соты әйелге қатысты айыптау үкімін шығарды. Оған мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырып, 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 189 200 теңгені құрады. Сондай-ақ одан сот сараптамаларын жүргізгені үшін мемлекет кірісіне 84 936 теңге процессуалдық шығыс өндіріліп алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар