"Шалбарымды шештім. Шешіп жатқан кезде...": Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті неліктен райынан қайтқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шалбарымды шештім. Шешіп жатқан кезде...": Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті неліктен райынан қайтқанын айтты

"Шалбарымды шештім. Шешіп жатқан кезде...": Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті неліктен райынан қайтқанын айтты

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті 70 жастағы кейуананы қалай торуылдап, арам ойынан неге айнып қалғанын да тәптіштеп айтып берді.

  • 22 Желтоқсан 2020
  • 483
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлады. 

— Шештім, сөйтіп ұстадым да, сонымен қалтасына қарадым. Мың теңге шықты. Шалбарымды шетім. Шешіп жатқан кезде дауыс естіп, тұрдым да, есіктен шығып кеттім. Азғын айтпаса да, оның әрекеті камераға анық түскен. Осы үйдің тұрғыны, 70 жастағы әйел ішке енгенде артынан бірге кірген азамат оны буындырған. Есінен танып құлаған соң, қалтасын тексеріп, өзі айтқандай мың емес, зейнеткердің 8 мың теңгесін алыпты. Содан кейін ғана есінен танған әйелді шешіндіріп зорлауға әрекет еткен. Ол есін жиған кезде бірнеше мәрте бетінен ұрғаны да көрініп тұр. Азғын дегеніне жеткен жоқ. Подъезд ішінен дауыс естілген соң ізін суытқан. Қазір зейнеткердің жағдайы жақсы. Ал күдікті уақытша қамау абақтысында отыр.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі: — Аталған фактімен ҚК 190-бабының 2-бөлігімен және 120-баптың 1- бөлігінде көрсетілген тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасы көзделген. Тергеу амалдары жалғастырылуда.

Еске салсақ, Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болып жатқан әрекеті видеоға түсіп қалды. Бұл туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады.

Видеодан подъезге кірген ер адамның әйелді артынан келіп буындырып, есінен тандырғанын көруге болады. Одан кейін қаскөй әйелдің шалбарын шешуге ұмтылады, осы жерден бақылау камерасына түсірілген видео үзіледі.

 

Соңғы жаңалықтар