Шалқарда ең қымбат балабақша ғимараты төңірегіндегі дау жалғасын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шалқарда  ең қымбат балабақша ғимараты төңірегіндегі дау жалғасын тапты

Шалқарда ең қымбат балабақша ғимараты төңірегіндегі дау жалғасын тапты

Ақтөбе облысында дауға ұласқан балабақша ғимаратына қатысты сот қайта басталатын болды. Енді ескі кеңсені қымбатқа сатқан кәсіпкер істі болып жатыр.

  • 27 Ақпан 2014
  • 274
Фото - Caravan.kz


Ал мемлекеттің 150 млн теңгесін төлеп, тозығы жеткен ғимаратты сатып алған атқамінерлер тергеуден соң сүттен ақ, судан таза болып шықты. Алғашқында «қызметін асыра пайдаланды» деп айыпталып, ісі сотқа дейін жеткен аудандық білім бөлімінің бұрынғы бастығы Қуаныш Табаналыға рақымшылық жасалған. Ал Шалқар ауданын он жылдай басқарып, шу шыққанда қызметін өзге ауданға ауыстыра қойған Рахат Сыдықов қазына қаржысын дұрыс қадағаламағаны үшін ғана сөгіс алды. Айта кетелік, ескі ғимаратқа осынша ысырап жасағандардың былығы Ақордаға дейін жетіп, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың өзі президенттен сөз естіген болатын. Бірақ Елбасының ескертуін ақтөбелік шенеуніктер елеп отырған жоқ.