Шамалған стансасында вагондар рельстен шығып кетті. Жапа шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 457.21
  • 534.62
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шамалған стансасында вагондар рельстен шығып  кетті. Жапа шеккендер жоқ

Шамалған стансасында вагондар рельстен шығып кетті. Жапа шеккендер жоқ

АСТАНА. 21 шілде. Kazakhstan Today. Алматы облысы Шамалған стансасында екі вагон рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы агенттікке ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Министрліктен хабарлаған.

  • 21 Шiлде 2006
  • 502
Фото - Caravan.kz



Ақпаратқа сәйкес, 19 шілде күні 21 сағат 08 минутта жеке тұрған жеті жүк вагонының (битум салынған 6 цистерна және картон тиелген бір жабық вагон) кенеттен қозғалып кетуі салдарынан жабық тұрған вагон және цистерна жолдан тайып апат орын алды. Зардап шеккендер жоқ.

20 шілде күні 5 сағат 40 минуттан 7 сағат 10 минутқа дейін темір жол қозғалысы тоқтатылды. Осы күні 12 сағат 20 минутта Алматы-1 стансасының жөндеу-қалпықа келтіру поезінің күшімен жолдан тайған вагондар қайта қалпына келтірілді, — деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлік.