Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка елдерінің ісі жөніндегі басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, отырыста Шанхай ынтымақтастығы Ұйымына мүше-мемлекеттер президенттерінің 29-мамырда Мәскеуде өткен саммитінде қол қойылған келісімдерді жүзеге асыру, ұйымның бюджеті туралы мәселе мен Шанхай ынтымақтастығы Ұйымының тұрақты органдары болып табылатын Хатшылық пен Аймақтық антитеррорлық құрылымды іске қосу мәселелері сарапқа салынады.