Отырыс барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы көп жақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасылды. «Барлық тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты өсіру мүмкіндігі мен қажеттілігін атап өтті»,- деді Ғ. Оразбақов.
«Біздің отырыс Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің Ташкентте 2-қарашада өтетін отырысы қарсаңында өтті»,- деп қорытындылады Ғ. Оразбақов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті