Мемлекет басшысы үкіметке жаңа төлқұжатты енгізуге қатысты бір ай ішінде нақты кезеңдері мен кететін қаржыны есептеуді тапсырды.
Ішкі және шетелге шығу төлқұжатын енгізу мәселесі Өзбекстанның 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық даму бағдарламасында қарастырылған.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, 2011 жылы шығарылған қазіргі қолданыстағы төлқұжат та халықаралық талаптарға сәйкес келеді, бұл құжатпен де шетелге шығуға болады.