Шегірткемен күрес үшін шекараға техника тартыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шегірткемен күрес үшін шекараға техника тартыла бастады

Шегірткемен күрес үшін шекараға техника тартыла бастады

Қостанай облысындағы егістік алқаптарын шегіртке басу қаупі бар. Себебі осы өңірге жақын жатқан Ресейдің Орынбор, Челябі, Астрахан облыстарында зиянкестердің таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланған.

  • 23 Шiлде 2015
  • 249
Фото - Caravan.kz

Қазірдің өзінде қазақ шаруалары 2 мың гектер жерді шегірткенің «италиялық прус» деген түрі жайпап өткенін айтады. Осыған байланысты Ауыл шаруашылық минитрлігі өздерінің ресейлік әріптестеріне хат жолдап, зиянкестермен күресті қарқынды жүргізуін де сұраған. Алайда, шегірткенің одан азаятын түрі жоқ. Қостанай облысындағы егістіктердің әрбір шаршы метрінен 15 жәндік табылып жатыр. Аптап ыстық та олардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды екен. Десе де, мамандар олардың көзін құртуда барымызды салып жатырмыз,-дейді.

Алмабек Марс, ҚР АШМ комитет төрағасының орынбасары:

-Әлі де қаупі бар ұшып келу. Сондықтан толық арнайы техниканы алып келіп отырмыз шекаралас аудандарға. Және де қордан арнайы препеараттар қарастыру жағы бар.