Шекарадан алтын асырмақ болғандардан 76800 доллар, 143300 теңге, 1000 өзбек сомы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарадан алтын асырмақ болғандардан 76800 доллар, 143300 теңге, 1000 өзбек сомы тәркіленді

Шекарадан алтын асырмақ болғандардан 76800 доллар, 143300 теңге, 1000 өзбек сомы тәркіленді

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар елімізден көршілес Өзбекстанға әшекейлі заттар мен жарияланбаған қомақты қаржыны өткізбек болғандарды ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

  • 29 Желтоқсан 2014
  • 1096
Фото - Caravan.kz

Еліміздің оңтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Б. Конысбаев"  атындағы (автомобильдік) бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары алтын мен гауһар тастардан жасалған әшекейлі заттарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті.

Заң бұзушылардан ұзын саны 14 дана болатын, алтын мен гауһардан жасалған әшекей заттар алынды: алтын, сырға, білезік және қолсағаттар. Сондай-ақ олардан — 76800 АҚШ доллары, 143300 теңге, 1000 өзбек сомы тәркіленді.   

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде.