Шекспирдің бас сүйегі жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекспирдің бас сүйегі жоғалып кетті

Шекспирдің бас сүйегі жоғалып кетті

Британдық архелогтар Уильям Шекспир жатқан қабірді электромагниттік радардың көмегімен сканерден өткізіп, күтпеген жайтты анықтады: бейітте жатқан мәйіттің бас сүйегі болмай шықты.

  • 25 Наурыз 2016
  • 441
Фото - Caravan.kz

Стаффордширский университетінің археологиялық тобының жетекшісі Кевин Колздың айтуынша, Шекспирдің бас сүйегін біреулер ұрлап кеткен. Сондай-ақ Колз бас сүйекті ұрлап кеткен адамдар Шекспирдің данышпандығының себебін зерттеп білу үшін алған деп есептейді. Ғалымның сөзіне қарағанда, бас сүйек бұрыннан, 1794 жылдардан бері жоқ. Бұл туралы мәліметті алғаш рет 1879 жылы Argosy журналының авторлары жариялаған болатын, алайда кейіннен оны жоққа шығарады.

Сонымен бірге мамандар зерттеу барысында Шекспирді табытқа салмағанын анықтады, әйгіл драматургты кебінге орап жер қойнына тапсырған екен, деп жазады 
шетелдік БАҚ.