Шенді полицейлер ұзақ мерзімге абақтыға жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенді полицейлер ұзақ мерзімге абақтыға жабылды

Шенді полицейлер ұзақ мерзімге абақтыға жабылды

Өскеменде бүгін жазықсыз адамды жазым еткен қызылжағалы қылмыскерлерге сот үкім шығарды. Погон таққан қасқөйлер сот залынан бірден қатаң режимдегі колонияға әкетілді.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 180
Фото - Caravan.kz


Қылмыстық топқа жетекшілік еткен Аягөз аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Алтынбек Жұмабеков енді 22 жылын темір торда өткізуі тиіс. Сондай-ақ оны жазасын өтейтін жерде маскүнемдіктен де күштеп емдейді. Ал сыбайлас қос офицер Болат Жангелдин мен Серікжан Жұмашев 18 жылдан арқалады. Барлығының мүлкі тәркіленіп, қылмыскерлер сот шешімімен шендерінен де айырылды. Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Аягөзге мал сатып алуға келген астаналық азаматты қаскөйлер азаптап өлтіріп, мәйітін қорым маңына лақтырып кеткен болатын. Сөйтіп, кәсіпкердің 4 жарым млн теңгесін өзара бөлісіп алған.