Шенеуніктер ақшасын тартпаға тыға бастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер ақшасын тартпаға тыға бастаған

Шенеуніктер ақшасын тартпаға тыға бастаған

Үкімет халықтың кірісін есептеуге көшті. Бұдан-былай шенеуніктерді айтпағанда, зейнеткерлер мен балаларға дейін декларация толтыруға  міндетелмек. Құны 3 млн теңгеден асатын әшекей бұйымдар мен қымбат картиналар да назарға алынады. Ендігі жерде депозитте жатқан қаржы мен шетелдік банктердегі актив сонымен қатар басқа да жылжымайтын мүлік   тегіс табыс декларциясында көрсетілуі тиіс.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 215
Фото - Caravan.kz

Қаржы министрлігінің тосын бастамасы қазірдің өзінде қызу пікірталастың көрігін қыздырып жіберді. Бұған дейін мүлік пен табыс декларациясын тек мемлекеттік қызметкерлер толтырып келген болатын. Енді зейнеткерлер тіпті жасөспірімдерге  дейін жиған-тергенін тізіп отыруға міндеттелмек. Дамыған Швецияның тәжірбиесін енгізгелі жатқан атқамінерлер тұрғындардан табысын жасырмауды сұрап отыр. Жаппай декларациялау 2015 жылдан бастап іске асырыла бастамақшы. Үлкен дау тудырғалы тұрған бастаманың авторлары мүлкі мен табысын қасақана жасырушылардың көп екенін айтады. Осы жерде Қаржы министрінің орынбасары жиі айтылатын қулықтарды әшкере етті.


Руслан Даленов, Қаржы вице-министрі:

Маған бір мемлекеттік қызметкердің   сатып алған пәтерін декларацияға енгізбесі үшін айтқан сылтауы күлкімді келтірді.  Яғни үйіндегі тартпадан  мол ақша тауып алған-мыс. Қымбат мүлікті сол қаржыға сатып алдым деп кезінде  жеңістік бермеген