Шенеуніктер контрабандалық көліктерді заңдастыру үшін қылмыстық топ құрған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер контрабандалық көліктерді заңдастыру үшін қылмыстық топ құрған

Шенеуніктер контрабандалық көліктерді заңдастыру үшін қылмыстық топ құрған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Оңтүстік Қазақстан

  • 10 Наурыз 2017
  • 583
Фото - Caravan.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Оңтүстік Қазақстан облысында контрабандалық көліктерді заңдастырып келген қылмыстық топты жергілікті шенеуніктер басқарып келгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңтүстік Қазақстан облысында контрабандалық көліктерді тіркеумен айналысқан тіркеу-экономикалық бөлімінің жоғары лауазымды қызметкерлері құрған қылмыстық топ әшкереленді», — деді ол бүгін ҚР Парламенті Сенатында экономикалық қылмыстардың алдын алуға қатысты өткен «дөңгелек үстелде». Агенттік басшысының орынбасары, аталмыш топтан мемлекеттік бюджетке салынған шығын көлемін жария етті. «Бүгінгі таңда 1 мыңға жуық көлік анықталды, төленбеген баж салығының көлемі 4,4 млрд. теңгені құрайды. Облыстық тіркеу-экономикалық бөлімінің басшысы, полковник Жапаровтың басшылығындағы қылмыстық топтың 30 мүшесі қамауға алынды, тергеу жүргізілуде», — деді Алик Шпекбаев.



 

Соңғы жаңалықтар