Шенеуніктер не үшін мешітке аяқ киімін «шешпей» кіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер не үшін мешітке аяқ киімін «шешпей» кіреді

Шенеуніктер не үшін мешітке аяқ киімін «шешпей» кіреді

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде  шенеуніктердің мешітте аяқкиіммен түскен суреті көпшілік арасында қызу талқыға түсіп, дау тудырып жатыр.

  • 11 Сәуiр 2017
  • 716
Фото - Caravan.kz

Бұл мәселені көпшілікке исламтанушы Ершат Оңғаров түсіндіріп берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мешітке ешқандай «шенеунік» еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері аяқкиіммен кіріп аралаған емес. Ылайым бұдан кейін де солай болады. Ал, көпшіліктің талқысына түсіп, дау тудырған суретке келсек, ол — мешітке келетін ресми қонақтарға арналған сүйретпе (тәпішке). Шалбардың балағынан шығып тұрған тұмсығы туфлиге ұқсаған сүйретпе сырт көзге аяқ киім болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл сүйретпелер мешіттің ішкі тәртібі мен әдебіне, мешіт дресс-кодына сай таза киім болып саналады. Осыған ұқсаған сүйретпелерді мешіт қызметкерлері де киеді», — деп жазады ол.

Мешіт — жер бетінде құлшылық жасауға арналған қасиетті орын, Алланың үйі. Сондықтан, әрбір мұсылман баласы қасиетті орынның құрметін сақтауы тиіс. Мешітке келушінің киімінің таза әрі әдемі болуы мешіт әдебіне жатады. Бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімде: «Уа, Адамның ұрпақтары! Мешітке келгенде әсем киініңдер…», — деп бұйырған (Әл-Ағраф сүресі, 31-аят). Яғни, мешітке келгенде киіміңіз әсем, таза болуы тиіс. Киімге қатысты ең басты шарт — денені жалаңаштамай киім кию және оның таза болуы. Ал, дау тудырған сүйретпелер мешіт ішінде қолдануға ғана арналған таза киім болып табылады.

Сондай-ақ, сарапшы: «Құрметті ағайын, сіздерден өтінерім: бір мәселенің байыбына барып, ақ-қарасын ажыратып алмайынша көрінгеннің айтқанына көңіл бөлмесеңіздер екен. Мұндай елді арандатушы ақпаратпен алдап отырғандар бар. Олар өздерін дінге жанашыр, тақуа етіп көрсеткенімен, теріс пиғылды болуы мүмкін. Шариғат ілімдерінде пәтуа айтуға білімі де, құқы да жоқ кісілердің айтқанымен жүру ақиқатты іздеуге жатпайды», — деп, жұртты алып-қашпа әңгімеге сене бермеуге шақырады.


 

Соңғы жаңалықтар