Шенеуніктер Ресейден ұшып келетін шегірткелерге ауқымды күрес жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер Ресейден ұшып келетін шегірткелерге ауқымды күрес жариялады

Шенеуніктер Ресейден ұшып келетін шегірткелерге ауқымды күрес жариялады

Елімізде қара шегіртке тағы қаптайтын түрі бар. Биыл зиянкестер тіпті екі есе көп болады деп мамандар дабыл қағуда. Әсіресе, көрші Ресейдің шегірткелері қаптап ұшып келуі мүмкін.

  • 9 Шiлде 2015
  • 271
Фото - Caravan.kz

Өйткені Астрахань, Орынбор, Челябі облыстарында зянкестердің мөлшерден көп қаптап кетуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған. Енді сол жақтың жайылымын түк қалдырмай жайпап жатқан шегіртке Қазақстанға өтуі ғажап емес. Ол үшін бір-екі күннің өзі жеткілікті дейді мамандар. Зиянкестер жүруі мүмкін 3 миллион гектар аумаққа қазір улау жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ көрші Ресей де улауға белсене кіріспесе, еңбектің бәрі текке кеткелі тұр. Былтыр да шегіртке осы елдің аумағынан ұшып келген болатын.

Алмабек Марс
,ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің қызметкері:

-Шаралар қолданып жатырмыз. Арнайы 310 техника бар. Сондай-ақ мына шекараларда да тиісті теникалар тұр. Егер ар жақтан ұшып келіп жатса химиялық өңдеу жүргіземіз.