Жарияланды: 210

Шенеуніктердің емтиханды ақша беріп сатып алғаны анықталды

Мемлекеттік қызметке тұрудың да қитұрқы жолы әшкере болды. Шенеуніктердің көбі тестте жинаған жоғарғы балды ақша беріп сатып алған. Емтихан жауабын жылдар бойы саудаға салған тұтастай қылмыстық топты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері әшкереледі.

Тамырын тереңге жайған ұйым ҰБТ жауаптарын сатқандай, мемлекеттік қызметке тұрғысы келетіндер үшін де тестті саудалаған. Тіпті, элиталық  «А» корпусының шенеуніктері үшін емтихан тапсырып бергендер бар. Қызмет құны 4-5 мың доллар шамасында. Әзірге белгілісі қылмыстық топ соңғы бір жыл ішінде осылайша 120 адамға «ақылы қызмет» көрсеткен. Құзырлы орган топ мүшелері түгел қамалып, тергеліп жатыр дегенімен, ақы төлеп қызмет алған шенеуніктердің атын әзірге айтпай отыр. Дегенмен олар да жазасыз қалмайды деп сендірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін