Парақорларменкүресті ерекше қарқынмен бастаған жемқорлыққа қарсы агенттіктің арыны қатты. Алайда,атауы өзгерген ведомство министрлердің қолына кісен салып, ауыр айып таққанымен,олкейдесүттен ақ, судан таза боп шығады. Енді шатылған шенеуніктер жеме-жемге келгенде ақталып шығатын болса, тергеушілердің өздері жазалануы мүмкін.
Қайрат Қожамжаров,ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
-Соттың әрбір ақтау үкімі кәсіби деңгейіміздің төмен екенін көрсетеді. Сондықтан ұсынған айғақтарымыздың мінсіз болуын қадағалауымыз керек. Біздің әр қызметкер, адалдық әділдік, сатылмаушылық, принциптерін қатаң ұстауы тиіс.
Қарамағындағыларға қатаң ескерту жасаған Қожамжаровтың ауқымды реформасы мұнымен бітпейді.Ол тіпті шенеуніктердің сыйлық алуына заңмен тиым салмақ. Яғни, атқамінерлерге берілетін құнды сыйдың мөлшері белгіленуі мүмкін. Мәселен, көршілес Ресейде, жасалатын сый-сыяпаттың көлемі 15 мың теңгеден аспауы тиіс екен. Ал егер заңға өзгеріс енсе, дөкейлер қымбат сағат, картина, естелік секілді сыйды алуға құққы жоқ. Мәселен, мынау Мәжілісте неше жылдан бері жиналған сыйлықтар. Десек те, бұлардың барлығы мемлекетке тиесілі. Агенттіктің ұсынысын депутаттар қолдап отыр. Себебі, қазір параны сыйлық ретінде дәмететіндер көп екен.
Жамбыл Ахметбеков, Мәжіліс депутаты:
-Сыйлықтың бағасы мың доллардан он мың, одан да қымбат болып кетті. Былайша айтқанда сыйлық ретінде берілгеннен кейін ол жемқорлыққа, пара беренге жатпайтын болып шықты. Егер де осының ережесін бекітетін болса, әрбір сыйлық, ол сыйлық дегеніміз ат сыйлау, машина сыйлау емес, сувенир ретіндегі сыйлықтардың өзінің де бір қисынды бағасы болуы керек.
Жемқорлыққа қарсы ауқымды күрес жариялаған агенттік командалық көшіп қонуға да заңмен тыйым салмақ. Сөйтіп қызметі өссе, өз адамдарын әкелетін шенеуніктерді тәртіпке салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Қайрат Қожамжаров, қарамағындағыларының пара алып, істі болмасы үшін оларды оқытып, біліктілігін арттырмақ ойда.