Жарияланды: 600

"Шеп - 2008" оқу-жаттығулары өтпейтін болды деген ақпарат - ҰҚШҰ -ына іріткі салуды көздейтін жалған арандатушылық ақпарат - Бордюжа

Алматы. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Шеп - 2008" оқу-жаттығулары өтпейтін болды деген ақпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына іріткі салуды көздейтін жалған арандатушылық ақпарат. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҰҚШҰ хатшылығына сілтеме жасап.

"БАҚ-тарда пайда болған "Шеп - 2008" оқу-жаттығулары өтпейтін болды деген ақпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қатарына іріткі салуды көздейтін жалған арандатушылық ақпаратқа жатады", - деді Н. Бордюжа. Оның айтуынша, оқу-жаттығулар жоспарға сәйкес өткізіліп жатыр. Оның төртінші кезеңі 22 тамызда Ереванда өткізіледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін