"Шешен халқы қазаққа мәңгі қарыздар": Отандасымыз жан тебірентер оқиға айтып, көпті жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 495.28
  • 518.41
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шешен халқы қазаққа мәңгі қарыздар": Отандасымыз жан тебірентер оқиға айтып, көпті жылатты

"Шешен халқы қазаққа мәңгі қарыздар": Отандасымыз жан тебірентер оқиға айтып, көпті жылатты

Желіде шешен халқының қазақтарға деген алғысын баяндайтын оқиға тарады.

  • 5 Ақпан
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жан тебірентер оқиғаны кәсіпкер Айгүл Сансызбаева Asarume You Tube каналына берген сұхбатында айтты.

«Сіздерге бір қызық оқиға айтып берейін. 8 жыл бұрын құрбым таңдай және ерін жырығы бар сәбиді дүниеге алып келді. Бізде бұндай диагнозға 3-4 кезеңнен тұратын ота жасайды екен. Біз шетелден дәрігерлер іздестіре бастадық. Солай, Ресейден ұлты шешен дәрігер таптым. Өзі негізі Мәскеудегі клиникада жұмыс істейді. Бірақ, Шешенстанға да іссапармен барып балаларға ота жасап тұрады. Мен оған көмек сұрап жаздым. Ол маған жауап берді. Кейін менің аяғым ауыр болып, құрбым күйеуімен бірге отаға кетті. Отаны Ахмат Қадыровтың фондының есебінен жасады. Мен басында неге бізге бұндай қарым-қатынас жасап жатыр деп түсінбей қалдым. Менің құрбым отбасымен Грузия арқылы өте ұзақ уақыт ұшып, түнгі бірде жеткен. Оларды кең дастарханмен қарсы алып, үлкен, вип палатаға орналастырған. Бас дәрігерден бастап қарапайым мейірбикелерге дейін оларды жақсы күтіп алған. Құдды бір президенттің баласы келгендей жағдай жасаған. Себебін білесіз бе? Себебі, олар — қазақтар. Ертеректе қуғын-сүргін заманда олардың ата әжелерін қазақтар құшақ жая қарсы алған екен. Олар бас сауғалап келе жатқанда оларға біреу ол жақта адамды жейтін жабайылар өмір сүреді деп айтқан. Кейіннен олар біздің жерде азан дауысын естіп, бұл елде оларға ешкім тиіспейтінін түсінген. Сондықтан олар біздің мекенге қазақтың табаны тисе, біз қолымыздан келгеннің бәрін істейміз, қолымызда не бар соның бәрін береміз деген», — дейді көз жасына ерік берген Айгүл Сансызбаева.

Шешен халқының қонақжайлығына, жақсылықты қайтара білетін қасиетіне риза болған желі қолданушылары жылы сөздерін аямауда.

«Жақсылықтың қайтарымын білген шешен халқына мың алғыс», «Біз, шешендер қазақтарды мәңгі құрметтеп өтеміз», «Шешен халқы қазаққа мәңгі қарыздар», «Мен өзім шешенмін. Бізде әр отбасыда қазақтардың біздің ұлтымызға жасаған жақсылығы айтылып отырады. Сіздерге мың алғыс», «Мен қазақ та шешен де емеспін. Бірақ мына видеоны көрген сайын көз жасымды тоқта алар емеспін», — деп жазды олар.