Шешенстанда жол апаты құрбандарының саны 11-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шешенстанда жол апаты құрбандарының саны 11-ге жетті

Шешенстанда жол апаты құрбандарының саны 11-ге жетті

Шешенстан Веденск ауданында шағын автобустың құздан құлау салдарынан қаза тапқандардың саны 11-ге жетті. Бұл туралы ТАСС хабарлады. 

  • 22 Шiлде 2015
  • 277
Фото - Caravan.kz


«Газель» көлігінің құздан құлауы салдарынан қаза болғандардың саны 11 адамға жетті», — деді агенттіктен сұхбат беруші.
Бұдан бұрын қайтыс болғандар саны тоғыз, алты адам жарақат алды деп хабарланған. Аудандық ауруханада алғашқы көмек көрсетілген олар Шали, Грозный ауруханаларына жатқызылды.
Бұдан бұрын республика басшысы Рамзан Қадыров хабарлағандай, шағын автобуста дағыстандық Анди ауылының тұрғындары болған. Ол зардап шеккендерді емдеу үшін білікті дәрігерлерді тартуды тапсырды. Сондай-ақ, Дағыстан басшысы Рамазан Абдулатиповке, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тіледі.