"Шешінген сәтте тап берген": Шымкенттік бір топ жігіт гейлерді аулаудың ерекше жоспарын құрған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шешінген сәтте тап берген": Шымкенттік бір топ жігіт гейлерді аулаудың  ерекше жоспарын құрған

"Шешінген сәтте тап берген": Шымкенттік бір топ жігіт гейлерді аулаудың ерекше жоспарын құрған

Жиырма жасар Шымкенттің үш тұрғыны дәстүрлі емес, бейәдеп сексуалдық бағыт өкілдерін ұстау үшін тұтас схема құрған.

  • 15 Қараша 2022
  • 4453
Фото - Caravan.kz

Схема өте қарапайым болған. Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 2001-2002 жылы туған азаматтары әлеуметтік желіде біржынысты махаббатты ұстанатын жартылай анонимді топтарды тауып алған. Жігіттер бұл топтарға түрлі бүркеншік атпен тіркеліп, ондағы қатысушылармен танысады. Топ қатысушылары арасында Шымкент қаласында тұратын бейәдеп сексуалды бағыт өкілдері бар екенін анықтаған жігіттер оларға жеке кездесуді ұсынған. Келтірілген деректерде біржынысты адамдар ерлерге қызмет көрсетуге дайын екенін жазған. Гейлерді қолға түсіру үшін жігіттер алдын ала пәтер жалдап, кездесу уақытын белгілеген.

Көрсетілген сағат пен белгіленген пәтерде шақырылған қонақты жігіттердің бірі күтіп алады. Бейәдеп қылық көрсетіп, шешінуге кіріскен ер адамды шкафтан кенеттен шыға келіп, сыбайластары шошытады. Олар қаруланған. Қолдарында травматикалық тапанша мен пышақ, электрошокер, бейнекамера  болған.

Осылайша, клиент тән ләззатын алудың  орнына, жас жігіттерден таяқ жейді. Сонымен қатар, барлық әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп алғандарын айтып, әлеуметтік желіге жариялаймыз деп бопсалаған.

Жігіттер өткен жылдың қазан айында да екі апта бойына осылай саят құрған. Тағы үш жәбірленуші олардың құрбаны болған. Олар бопсалау жұмысымен айналысып, жәбірленушілерден 200-ден 450 мың теңгеге дейінгі ақша аударымдарын алып отырған. Сондай-ақ, бопсалаушылар зардап шеккендерден iPhone телефондары мен қымбат ұялы телефондарды алып кеткен. Жастардан материалдық шығын көрген жәбірленуші полицияға хабар беріп, олардың үстінен шағым түсірген.


Тергеу барысында осындай арызбен тағы екі жәбірленуші де анықталды, олар да куәлік берді. Бопсалаушы жас жігіттерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтары бойынша (күш қолданып; адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; бiрнеше рет жасалған қорқытып алушылық) айып тағылды. Бопсалаушы жігіттердің ата-аналары өз пәтерлерін кепілге қойып, оларды абақтыдан босатып алған.

Сотта үш жәбірленуші айыпталушыны кешіретінін, оларға ешқандай талаптары жоқтығын, тергеу барысында барлық материалдық шығын өтелгенін айтты.
Ал сот-медициналық сараптамада сотталушылардан психикалық ауытқулар анықталмаған. Бопсалаушы топ өкілдері жасаған әрекеттеріне өкінетінін айтып, қылмыстарын мойындаған.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық соты үшеуін де бопсалау ісі бойынша кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Осы төрт жыл уақытында сотталғандар жыл сайын жүз сағат қоғамдық еңбекте жұмыс істеуге міндетті болды. Жәбірленушілердың өтемақы қорына 58 340 теңге төлеуі, әр адамнан 3 000 теңгеге жуық сот шығындарын төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар