Шетелде діни білім алуға қатысты талаптар қатаң реттеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелде діни білім алуға қатысты талаптар қатаң реттеледі

Шетелде діни білім алуға қатысты талаптар қатаң реттеледі

Магистратура мен докторантураны шетелде оқуға рұқсат етілгенмен, бакалавриат дәрежесіне тек елде ғана қол жеткізесіз. Онда да мүфтияттың жолдамасы болуы қажет.

  • 16 Шiлде 2017
  • 315
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Атырауда өткен өңірлік семинарда Дін істері және азаматтық қоғам министрі айтты. Сондай-ақ діни көзқарасы үшін азаматтықтан айыру жазасы – қылмыстық іс жіті тексеріліп болғаннан кейін, жағдайға қарай қолданылады. Жиын барысында министр шетелде білім алып жатқандардың тізімін де жария етті. Қазір 323 қазақстандық әлемнің 13 елінде оқып жүр екен.

— Шетелдерде білім алу мәселесіне тәртіп енгізу қажет. Осы мәселе бойынша Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы басшылығымен ұстанымдарымыз бірдей. Бакалавриатты тек қана қазақстандық діни мекемелерінде оқыту ұсынылады. Демек шетелде өз бетімен білім алып келсе еліміздің аумағында жұмысқа тұру мүмкін болмайды, дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Соңғы жаңалықтар