Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Азаматтарға шетелге бару жоспарланған жағдайда құжаттардың көбінесе апостильдеу қажет болатыны айтылды.
«Апостиль – бұл құжаттың түпнұсқалығын халықаралық деңгейде растайтын белгі, оның арқасында құжат Гаага конвенциясына қосылған басқа елдерде танылады», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкіметте».
Сондай-ақ мемлекеттік корпорация 2026 жылдың басынан бері апостиль қойылған құжаттардың негізгі 5 санатын ұсынды:
- Әділет органдары, мемлекеттік органдар және нотариустар берген құжаттар;
- Мектептер, колледждер және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары берген құжаттар;
- Прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шыққан құжаттар;
- Жоғары оқу орындары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдар берген құжаттар;
- Сот органдарынан шыққан құжаттар.
Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» 26.06.2026 сияқты «әдемі күнге» некені тіркеу үшін қанша қазақстандық өтініш бергенін де хабарлаған болатын.