Шетелдік сарапшы қазақстандық боксшылардың басты бөгетін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік сарапшы қазақстандық боксшылардың басты бөгетін атады

Шетелдік сарапшы қазақстандық боксшылардың басты бөгетін атады

Қазақстанның бірқатар мықты боксшысы нашар промоутерлер кесірінен өз әлеуетін аша алмады. 

  • 10 Қаңтар 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық журналист Джек МакКаферри осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Қазақстан боксшылары өте талантты. Головкин мен Әлімханұлынан бөлек те жақсылары жетіп артылады. Алайда GGG мен Жәнібектің жолы болып, тәжірибелі промоутерлермен жұмыс істеп жүр. Мамандар уақытты дұрыс пайдаланып, оларды жақсы жетелеп келеді. Ал өзге қазақстандықтардың көбі уақытын бекер жоғалтуда. Жүкембаев, Ахмедов, Дычко мен Елеусінов нашар менеджерлердің құрбаны. Садриддинде жарақат болды, ал өзгелерінде жекпе-жек өткізуге қажеттінің бәрі бар еді. Енді Елеусінов ұзақ айқаспай титулынан айырылды, ал Дычко элитаға кіру мүмкіндігін жоғалтты. 

Алматыда өткен кейінгі бокс кешіндегі Жүкембаев пен Ахмедовтың оралуы нашар болды. Егер келесі айқасқа дейін үзіліс осындай болса, онда карьералары бітті дей бер. Оларға Канадаға оралу немесе басқа елге бару туралы ойнланған жөн. Ресми жекпе-жектермен келетін үзіліссіз тәжірибе қажет. Айқассыз рейтинг жинап, өзіңді таныту мүмкін емес", — дейді сарапшы. 


Соңғы жаңалықтар