Жарияланды: 740

Шетелдік жұмыс күші шарт бойынша тартылуға тиіс - ҚР БҒМ

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шетелдік жұмыс күші шарт бойынша тартылуға тиіс. Бұл туралы бүгін "Кәсіби білім және бизнес: әріптестер арасындағы сұхбат" тақырыбында алғашқы халықаралық форумда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансеиіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл шарттарда жұмыс беруші тартылған шетелдік жұмыс күшін 3-5 жылдың ішінде қазақстандық дайындылған жұмыс күшімен толық ауыстыруға міндеттеме алуға тиіс. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту үшін оларға мамандарды дайындауға еңбекақы қорының 2% кем емес көлемде инвестиция жұмсауды міндеттеу қажет. Жұмыс берушілердің пайдаланылмай қалған қаржысы техникалық және кәсіптік білімді дамыту қорына аударылуы қажет. Бұл шаралар тәлімгердің оқу кезінде өндірісте жұмыс істеу мүмкіндігін дамытуға қызмет етеді ", - деді министр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың мәліметінше, республикада қазанда жұмысшы мамандықтары бойынша 28 мың бос жұмыс орны болды. "Біз кәсіби мамандардың тапшылығына байланысты шетелдерден мамандарды, негізінен жұмысшыларды шақырамыз. Былтыр Қазақстанға 6 мыңдай жұмысшы тартылды", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін