Жарияланды: 100

“Шетелге кететін ақшам жоқ” Актриса Дариға Бадықова елдегі киноиндустрияны сынап тастады

“Шетелге кететін ақшам жоқ” Актриса Дариға Бадықова елдегі киноиндустрияны сынап тастады

Елімізге біршама танымал актриса Дариға Бадықова "TalkLike" бағдарламасына келіп сұхбат берді. 

Сұхбатқа келерден алдын "мен жұртқа қызықпын ба?",- деп сұрақ қойған актрисаның өз ойын ашық айтуы, шынайы жауап беруі көрермендерге біраз ой тастаған сияқты. 

Қазақстанның қазіргі киноиндустриясы жайлы айтқан пікірі:

"Ашығын айту керек, біз әлі кино жағынан біршама артта келк жатырмыз. Шетелдік аренаға шығу үшін әлі талай еңбек етуіміз керек. Біздегілер бір сериалды алатын кезде алды, артын ойламайды бірден 40-50 сериал түсіріп тастай салады. Ол халыққа өтеді ме жоқ па? қызықтырмайды. Ал шетелді бос ысырап жоқ, олар бірінші 1-2 бөлімін түсіріе көреді. Көрерменге ұнап, рейтинг беріп жатса онда бірден жалғасына кіріседі. Ал ойлағандай рейтинг болмаса бірден тоқтатады. Сол жерлері өте кәсіби екендерінің дәлелі. Бізде керісінше кетіп жатқан ақша, налог, халық ештеңені тереңінен ойламайды. Осы жағдай мені қатты қынжылтады", - дейді Бадықова ханым.

- Дариға шетелге кетіп қалуы мүмкін бе?!

Жоқ, кетпейтін сияқтымын. Өйткені кететін ақшам жоқ. Ақшам болса тек оқуға, мастер классқа қатысуға, білімімді жетілдіруге барар едім. Ал толық кетуге дайын емеспін. Өйткені ата-анам, бауырларым осында.

Желі қолданушылары: "Осы актриса мықты ойнайды","Шетелге кетсеңіз бірден танымал боласыз","Дариға қазақстанда ең мықты актрисасыз",-деп пікір жазды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін