Щучинск ауруханасында дауыл кезінде шатырдан құлап кеткен жұмысшы көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Щучинск ауруханасында дауыл кезінде шатырдан құлап кеткен жұмысшы көз жұмды

Щучинск ауруханасында дауыл кезінде шатырдан құлап кеткен жұмысшы көз жұмды

Дүлей дауыл кезінде шатырдан құлаған «Ирбис» ЖШС жұмысшысы Щучинск қалалық ауруханасында көз жұмды.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлер ауыр жарақат алған жұмысшыға бірнеше операция жасады. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, дейді Бурабай ауданының әкімі Нұрлан Нүркенов.

Өткен демалыс күндері алапат дауыл екі қабатты ғимараттың шатырында жұмыс істеп жатқан компанияның қос жұмысшысын ұшырып әкеткен. Олардың бірі сол жерде жан тапсырса, екіншісі ауруханаға жеткізілген-ді.

Аталған факті бойынша арнайы комиссия құрылып, төтенше жағдайды жан-жақты тексеріп жатыр.


«Комиссия әлі нақты шешім шығарған жоқ. Бірақ, бұл жерде қызметкерлердің шатырға сақтандырусыз шығуына рұқсат берген жұмыс берушінің кінәсі бары анық. Оларға қатаң жаза қолданылады», — деді әкім.